Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Е-өтініш» және «Е-қызмет» ақпараттық жүйелерімен жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Семинарға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының жауапты мамандары қатысты.
Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы С.Раимбетов төрағалық етіп, семинардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында азаматтардың өтініштерін заңнама талаптарына сәйкес қарау, «Е-өтініш» жүйесінде жұмыс жүргізу сапасы, «Е-қызмет» жүйесіндегі кадрлық деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою, әкімшілік рәсімдерді сақтау және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын заңнамалық талаптарды орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар қорытындысында жауапты мамандарға ақпараттық жүйелермен жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру және анықталған кемшіліктерге жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!