Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірде импортты алмастыруға бағытталған 9 жоба іске асуда

26.04.2022, 15:40 417

HALYQLINE.KZ Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында импортты алмастыру, орман және дала өрттерін алдын алу мәселелері қаралды. Отырысқа ведомство басшылары мен өңір әкімдері қатысты. Бірқатар министрлер мен облыс әкімдері баяндама жасады.

Өткен жылы өңірде 118 млн АҚШ долл.көлемінде тауарлар өндіріліп, импорт алмастыруға бағытталған құны 207 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылуда.

Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, импорт алмастыру жобаларын іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды уақытында жүргізіп беруді тапсырды. Сондай-ақ, өрт оқиғаларын болдырмау шараларын жүргізуді жіті бақылауға алуды міндеттеді.

Селекторлық жиыннан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала, аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Н.Нәлібаев аймаққа сырттан инвестиция тарту арқылы жаңа жобаларды ашу және шағын өндірістерді дамыту қажет екенін алға тартты. Сондай-ақ, білім ошақтары мен әлеуметтік нысандарда, халық көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздігін мұқият бақылауға алуды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: