Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды (видео)

14.07.2023, 10:28 164

HALYQLINE.KZ

Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты іс бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Полицейлердің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне жәбірленушінің күдіктімен татуласқан және қылмыстық істі тоқтатуды сұраған арызы келіп түскен. Осыған байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-35 бөлігі 12 тармағы негізінде тоқтатылды.

Еске сала кетсек, оқиға 28 маусымда Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында болған. Онда көліктердің бірінің ашулы жүргізушісі сол жақ жолақтағы басқа көлікті тоқтатып алып, өзі көлік терезесінен шығып, тоқтатқан көліктің капотына шығып алған. Сосын оның алдыңғы әйнегін аяғымен сындырған. Одан кейін төменге түсіп, жүргізуші жақ беттегі терезені жұдырығымен сындырып, жүргізушіні шығарып алмақ болып, боқтап, балағат сөздер айтқан. Терезесі сынып жатқан көлік ішінде жүргізуші, әйелі және баласы болған.

Осыдан кейін полицейлер бұл дерек ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша аудандық ІІБ-нің ТЖД-да тіркелгенін хабарлады. Күдікті 1993 жылы туған К есімді ер адам ұсталып, оның көлігі Ұзынағаш ауылындағы мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілген.

Көлік терезесін қалай сындырғанын мына сілтемеден көруге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: