Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел басқару орталығы: 3 айда 11408 құқықбұзушылық анықталды

05.04.2024, 17:20 51

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. 

Сондай-ақ, жыл басынан бастап «102» арнасына 9255 қоңырау түсіп, хабарлама бойынша қызмет көрсетілген. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 11408 құқықбұзушылық, оның ішінде жол ережесін бұзудың 9236 дерегі анықталған. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында, бейнебақылаушы инспекторлардың көмегімен ұсақ бұзақылық деректері бойынша: қоғамдық орынды ластау – 1178, қоғамдық орында мас күйінде жүру – 1178, қайыршылық – 52 және басқа да құқықбұзушылық 384 дерегі анықталған.

«102ә мобильді қосымшасына 8 хабарлама түсіп, 6-ына әкімшілік хаттама толтырылған және дабыл түймесіне 2 хабарлама түсіп, 1-іне әкімшілік хаттама толтырылып, 1-еуі бойынша арыз алған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: