Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасөспірімге пышақпен дене жарақатын салған студент ұсталды

23.10.2023, 14:00 126

Қызылордада кәмелетке толмағанға пышақ жарақатын салған  колледж студенті ұсталды. 20 қазан сағат 13:30 шамасында Титов қыстағы “Өркениет” оқу орталығының маңайында колледж студенттерінің арасында жанжал болып, нәтижесінде кәмелетке толмаған жәбірленуші пышақталған дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 17 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.​

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

– Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңыздың өмірі мен тағдыры үшін жауапты екендеріңізді ұмытпаңыздар! Сол себепті оларды өз беттерінше қалдырып, оқудан тыс бос уақыттарын қадағалауды сұраймыз! Бірлесіп атқарған жұмыстар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне септігін тигізетініне сенеміз, – дейді полиция қызметкерлері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: