Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалған мәміле жарға жықты

07.12.2021, 16:55 357

HALYQLINE.KZ

Жалған мәміле жасап, қаражатты криминалды қолма-қолға айналдыруға қатысты тағы бір қылмыстық іске сот жаза тағайындады, деп хабарлайды ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқа кәсіпкерлік нысандарымен заңсыз мәмілелер жасап, нақты орындалмаған жұмыстар үшін 2019-2020 жылдарда жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан «Тоқболатов» ЖШС-нің әрекетін әшкерелеген. Оннан аса фирманы осындай әрекетке тартқан кәсіпкер әр мәміле бойынша қолма-қолға айналдырылған сомадан 4-тен 6 пайыз аралығында қолма-қол сыйақы алып отырған.

Олардың заңсыз әрекеті салдарынан төленбеген салық түрінде мемлекетке келтірілген залал, сарапшылардың қорытындысына сәйкес, 153 млн 696 мың теңгені құрады.

Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ЖШС басшысымен бірге бес адам ҚР ҚК-нің 216-бабы-3 бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: