Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз қару тасымалдаған екі азамат анықталды

05.02.2021, 16:00 403

HALYQLINE.KZ   «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 1 ақпан күні қызмет атқару барысында сағат 01:45 шамасында қала аумағында бойында «Нексия» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктің артқы орындығының астынан, сараптама қорытындысына сәйкес, 1 ұңғылы, 12-калибрлі МР-155 маркалы, тегіс ұңғылы, атуға жарамды, аңшы мылтығы анықталған.

Жүргізуші және жолаушысы Полиция басқармасына жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: