Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заң бұзған 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19.01.2024, 16:55 91

Жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзған 4 мемлекеттік қызметкер мен 1 жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды halyqline.kz Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Мәселен, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, облыстық ветеринария басқармасының басшылары және Басықара мен Ақмая ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұза отырып, қызметке қабылданғанға дейін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған тұлғаларды қызметке тағайындағаны үшін әрқайсысы 70 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Одан бөлек, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі бойынша шартты түрде сотталған азаматтың пробация қызметінің инспекторына сыйлық ретінде 5000 теңге соммасында ақшалай қаражат бергені үшін 140 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда әкімшілік практика сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді құралдарының бірі болып табылады, ол аса ауыр сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің уақтылы алдын алуға, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әкімшілік практиканы қолдану мен жетілдіруді ГРЕКО халықаралық ұйымы да ұсынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: