Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

26.10.2022, 17:35 206

HALYQLINE.KZ

Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментімен арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесімен 18.10.2022 ж. Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша мен мүліктерді тартып алумен және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше қылмысты жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық ортаның 12 мүшесі ұсталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда.

Осыған байланысты, ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан жәбір көрген азаматтар, не кәсіпкерлер болса, ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментіне хабарласуды сұраймыз.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: