Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұялы телефон ұрлағыш ұсталды

16.10.2020, 9:50 582

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында бірнеше рет ұрлық жасаған күдікті құрықталды, деп хабарлайды Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

02 қазан күні полицияға 36 жастағы қала тұрғыны ұялы телефоны ұрланғандығы жөнінде хабарлама берді. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында күдікті 25 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны екендігі белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті ҚПБ УҰИ-ға абақтыға қамалды. Мән-жайларды анықтау барысында ол тағы 3 ұқсас қылмысты жасағанын мойындады.

Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (бірнеше рет жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: