Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш жүздей азамат төтенше жағдай режимін бұзған

14.01.2022, 10:00 343

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының Полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда. Елімізде болған соңғы оқиғаларға байланысты 5-19 қаңтар аралығында біздің өңірде Төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген. Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 289 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде Әкімшілік кодекстің 476-бабымен – 215, 488-бабымен 74құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 7 азаматқа ескерту берілсе, 28-іне айыппұл салынды, 186-сы әкімшілік қамауға алынды.

«Өткізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ түрлі құқыққа қарсы іс-әрекеттерге жедел ден қою. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», – деді Қызылорда облысының коменданты полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, бүлікшілермен бірге барып, тәртіпсіздікке орын беріп, әскери «Камаз» автокөлігін тартып алып, өзі тізгіндеген.         Тартып алынған автокөлікті тізгіндеу кезінде қала орталығында орналасқан Жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камераларын автокөлікпен соғып, сындырған. Әрі қарай бүлікші азамат Қызылорда облысы ПД Жергілікті Полиция қызметі басқармасының ғимаратының кіреберіс қоршауын әскери көлікпен сындырып, бүлікшілерге өз ойларын іске асыруға жол беріп, өзі оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу)және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен(Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: