Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың алаяқтарға алдануы тыйылар емес

14.10.2020, 14:00 405

HALYQLINE.KZ 13 қазан күні сағат 20:50 шамасында Арал қаласының тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша арыз берді.

Сол күні сағат 12:00 шамасында Арал қаласы, Жаңауыл мөлтек ауданында орналасқан автобекетте бейтаныс бір ер азамат құны 130 000 теңге тұратын ұялы телефонын «автобекет ішіндегі бөлмеге қуат көзіне қойып беремін» деп алдап алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полицейлер жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде «ізін суытпай» жеңіл жолмен пайда тапқысы келген алаяқты қолға түсірді. Ол 27 жастағы Арал қаласы тұрғыны екендігі анықталып, сатып жіберген жерінен ұялы телефон айғақ зат ретінде алынды.

Бұл дерек Арал аудандық полиция бөліміне тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: