Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түлектердің қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті

25.05.2021, 18:00 332

HALYQLINE.KZ 25 мамыр күні «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы қала аумағында орналасқан барлық мектептерде өткізілуде. Шара барысында  жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінде іс-шаралардың арнайы жоспарын бекітті.

Бүгін 59 қалалық мектепте «Соңғы қоңырау» соғылды, салтанатты жиынға барлығы 2423 түлек қатысты. Естеріңізге сала кетейік, мектептердегі соңғы қоңыраулар санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтай отырып  өткізілді. Әр мектептің жанында полиция жасақтарының күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылды.  

 «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы кезінде қала бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы 153 қызметкер мен 15 қызметтік патрульдік автокөлік жұмылдырылды.  

«Құрметті ата-аналар! Жазғы демалыс қарсаңында балаларыңыздың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, олардың уақытын бақылауды ұсынамыз. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы 1-бөлігіне сәйкес «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы» – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.    

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады» – дейді ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Сыздықов Алмас Молдашұлы.

         Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: