Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түйме емес, түйе ұрланды

03.07.2021, 16:10 387

HALYQLINE.KZ

2 шілде күні сағат 12:50 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын мал қорасынан 2 бас түйесінің ұрланғаны жөнінде хабарлама берген. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, тексеру барысында белгісіз тұлға мал қора ішінен 2 бас түйені ұрлап, 1 млн 800 мың теңге көлемінде шығын келтіргені анықталған.  

Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары барысында күдікті ауданның тұрғыны анықталып, ұсталды. Белгілі болғандай ол ұрланған түйелерді ауылдан шалғай далалық жерде ұстаған.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.  

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі бойынша (Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған мал ұрлығы) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: