Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторының кадры студенттермен кездесті

12.10.2021, 17:55 391

HALYQLINE.KZ ҚАЖ қызметкерлерінен білікті мамандарды даярлалауда, әсіресе, жас мамандарды қызметке тартуда кадр қызметінің маңызы зор.

Осы орайда ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Шахи Динара Нүрбекқызының бастамасымен И.Әбдікерімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледжі студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

РжКБ-нің аға корпусшысы, әділет старшинасы Еркебұлан Мықбасов екеуі егеменді еліміздің болашақ жас мамандарымен кездесу барысында, Ішкі істер саласына жұмысқа орналасу тәртібі мен мекемедегі бөлім қызметтерінің жұмысы және ҚАЖ саласының ерекшеліктері мен қиындықтары жайлы тарқатып айтып берді. Аталған оқу орнының 4-курс білімгерлері, өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, погондағылардың тарапынан толықтай жауаптарын алды.

– Менің бұл салаға келуіме формаға деген қызуғушылығымның әсері болды. Бала арманымның орындалуына шек қоймай, қыз бала болсам да, құқық саласында қызмет атқаруыма қолдау көрсеткені үшін ата-анама алғысым зор. Осы изоляторға алғаш бақылаушы болып орналастым. Яғни, істі болған азаматтарды мекеме ішінде айдауылдап алып жүру жұмысын жүргіздім. Бүгін міне, маған кадр саясат тобы қызметін басқару міндеті жүктелген. Басты міндетіме мекемеге жұмысқа тұрған әрбір қызметкердің жеке құжаттарын қабылдап алу, жеке тұлғаны моральдік-психологиялық тұрғысынан тану мақсатында, әңгіме жүргізу, әрқайсысының жеке отбасылық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын біліп тұру, ауру жағдайына байланысты, денсаулық жарамдылық парағын тіркеу, олардың жұмысқа уақытылы келіп-кетуіне дейін қадағалап отыруы керек. Бұнымен қоса, мекемедегі барлық қосымша іс-шараларды да ұйымдастыру жағы тағы бар. Сіздермен өткізіліп отырған кездесуіміз – соның нақты бір дәлелі, – деді, аға инспектор кездесу соңын қорытындылап.

Иә, ҚАЖ саласының имиджін арттыруда және жеке құаммен жұмысты жандандырып отыруда кадр саясат тобының орны ерекше. Өйткені, кадр барлық іс-тетігін шешудегі басты маман болып қала береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: