Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторы бастығы тілшілермен кездесті

24.12.2021, 16:00 432

HALYQLINE.KZ Бүгінгідей ақпараттық заманда БАҚ-тың қоғамдық пікірге әсер ету және оны қалыптастыру мүмкіндігі айтарлықтай зор. Міне, осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторы жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде және ҚАЖ қызметкерлерінің қоғамдағы имидждік сыйпатын арттыру мақсатында мекеме басшылығы баспасөзбен байланысты орнатуды басты назарда ұстап, қадағалап отырады.

Кеше мекемеде мемлекеттік тілде аудармашы маманы Р.Абдрахманованың ұйымдастыруымен, 2021 жыл бойғы атқарылған жұмыс нәтежиесінің қорытындысы есебінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев төртінші билік өкідерімен кездесті.

Кездесуге Halyqline.kz aқпарат агенттігінің редакторы Рыскелді Жахман, республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз «Халық» газетінің тілшісі Азамат Абимолда, «Ел тілегі» газетінің журналисі Зибаш Әлиқызы, «Қоғам» ТВ телеарнасының журналисі Олжас Дәуіт пен Арайлым Кенжебек және «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Амина Усенова арнайы шақыртылды.

Бұдан бөлек Polisia.kz сайтының журналистері Назира Маханова мен Zanmedia. kz сайтынан Ақбота Қуанышбековалар онлайн түрінде қатысты.

Кездесу барысында әділет подполковнигі алдымен ҚАЖ саласына енгізілген жаңалықтар мен мекеменің қызметтік бөліміндегі атқарылған жұмыстар жайлы баяндап берді.

– Жабық мекеме болғандықтан, сырт ортаға пенитенциярлық жүйе жұмысын жариялауда сақтық пен білімділік керек. Жаза мерзімін өтеп жатқандар және тергеудегілермен өткізілетін тәрбие жұмыстарынан бөлек, жеке құраммен атқарылатын іс-шаралар жайында сіздер жариялаған мақалалар арқылы қалың көпшілікке танылып отырмыз.

Сондықтан да, осы байланысымызды алдағы уақытта да жалғастырып, бекіте түссейік. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін, – деп, сөзін аяқтап, публицистикалық жанр иелерін алғыс хаттармен марапаттады.

Еркін форматта өткен дөңгелек үстел барысында, мекеме бастығы әдебиет, өнер, әлеуметтік желідегі жариялымдар жайында сөз қозғап, тілшілермен пікір бөлісті. Қылқалам иелері, погондағы азаматтың сөз саптауы мен тәлімді әңгімесінен жағымды әсер алып қайтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: