Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр сақшылары халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

28.06.2022, 8:50 206

HALYQLINE.KZ

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері және Қарағанды облысы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының тұрғыны Қарағанды қаласында құрықталды. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7, 9-тармақтары (бұзақылық ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталған) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда.

Ұсталған күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полицейлер күдіктіні Қарағанды қаласындағы саябақтардың бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: