Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

19.04.2023, 11:40 203

HALYQLINE.KZ Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын. Осы орайда, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы Ұлттық Ұлан 5577 әскери бөлімшесінің бақылаушы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ету – қауырт жұмыс. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі өте көп. Оған ең алдымен қызметкерлердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметкерлердің құқықбұзушылыққа немқұрайдылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың болуына алып келеді. Сол себепті әр мемлекет қызметкері саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы керек», – деді өз сөзінде мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.

Іс-шара соңында мекеме орынбасары жас қызметкерге қоғамның дамуына тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін айтып, еңбек ету жолында табыс көздерінің заңды болуы мен қателікке жол бермеуге шақырды.

Адина Ұзақбай,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: