Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Судьялар да сотталады

12.08.2020, 13:45 472

HALYQLINE.KZ Алматыда екі жылда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 4 судья сотталған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров хабарлады.  

– 2019-2020 жылдары біздің департамент Алматы судьяларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған төрт фактіні анықтады. Өздеріңіз білесіздер, судьялардың ерекше иммунитеті бар. Наурызбай, Бостандық, Медеу аудандарының судьялары мен Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сот төрағасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, Нығметжан Сапаров 4 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, кінәлі судьялар нақты мерзімге сотталғанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: