Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Салықтық есептілікті тапсыру мерзімі басталды

11.07.2023, 11:40 148

HALYQLINE.KZ

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың назарына салықтық есептілікті тапсыратын кезеңі басталғанын жеткіземіз.

Жоғарыда көрсетілген салық төлеушілер 2023 жылдың 1-жартыжылдығына 910.00 нысандағы «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны» тапсыру тиіс.

Одан бөлек, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер 2023 жылдың 2-тоқсанына 300.00 нысандағы «Қосылған құн салығы бойынша декларацияны» тапсырады.

Сонымен қатар, жалпыға бірдей салық режімімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2023 жылдың 2-тоқсанына 200.00 нысандағы «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациясын» тапсыру міндетті.

Тапсыру мерзімі: 01.07.2023 – 15.08.2023 жылдар аралығы.

Ал салықтық есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбау – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272 бабына сәйкес:

1-тармағына сәйкес – ескерту жасауға;

2-тармағына сәйкес – 15 АЕК (51 750 теңге)/70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын ескертеміз (бір жыл ішінде қайталанған жағдайда).

Құрметті салық төлеушілер, салық есептілігін уақытылы тапсыруға шақырамыз!

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: