Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жігіт жиналмалы пышақпен екі жасөспірімді пышақтаған

01.12.2023, 15:55 174

HALYQLINE.KZ

Қызылордада полицейлер жасөспірімдерге шабуыл жасаған бұрын сотталған қызылордалық тұрғынды ұстады.

Анықталғандай, қала көшелерінің бірінде бейтаныс адамдар кәмелетке толмағандарға жақындап, олардың әңгімесі ауызша кикілжіңге ұласқан. Жанжал кезінде бейтаныс адамдардың бірі екі жасөспірімді жиналмалы пышақпен пышақтап, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: polisia.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: