Біздің елде бір салада жұмыс істейтін ерлі-зайыпты көп. Сондай жұптың бірі – Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған ауданы полиция бөлімінде қызмет етіп жүрген Мейіржан Айтбекұлы мен Айтолқын Мейрамбекқызы. Бір саланың жүгін бірге көтеріп келеді.
Отағасы Мейіржан 1988 жылы мамырдың 18-і күні М.Нәлібаев ауылында туып, №196 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттайды. 2005 жылы мектепті бітіріп, 2006 жылы Арқалық қаласындағы «Мемлекеттік педагогикалық» институтына оқуға түседі. 2010 жылы осы институтты «Биология» мамандығы бойынша бітірген.
2010-2011 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы №55/16 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеп, 2011-2013 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Қарағанды экономикалық университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алды. Құқық қорғау саласындағы қызметі осылай басталды.
Ішкі істер саласындағы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы патрульдік полиция батальонында бастайды. Бес жыл еңбек еткеннен кейін Жаңақорғанға жұмыс бабымен ауысады. Қазіргі уақытта Жаңақорған ауданы полиция бөлімінде патрульдік полиция инспекторы.
Бір басына бірнеше өнерді дарыта білген полиция капитаны Мейіржан қызметті, өнерді, спортты жеке өмірімен қатар ұстап, бәріне уақыт тауып, саламаттылықты серік етіп келеді.

Жұбайы Айтолқын Мейрамбекқызы да осы саланың жүгін көтеріп жүр. Оның негізгі қызметі – полиция бөлімінің штаб тобының аға инспекторы. Осы жолда еңбек етіп келетін полицейлердің бір ғана міндеті бар, ол – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазір олар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау сапында қызмет өткеріп жүр, әрі екі ұл мен 1 қыз тәрбиелеп отырған бақытты жандар.
Шаңырақтың түтінін түтетіп, бір саланың жүгін көтеріп жүрген жандардың қоғамдағы алар орны бір бөлек. Ерлі-зайыпты екеуі де қызметтерін бар ынтамен атқарып, тапсырмаларды уақытылы орындауға тырысады. Ал демалыс күндерін үйде ата-аналарын тағатсыздана күтіп отыратын балаларына арнайды.
Бүгінде Мейіржан мен Айтолқын қол ұстасып, Отанына адал қызмет етуді жалғастыруда.
Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!