Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотталған азамат 200-ге жуық кітап оқыған

21.06.2021, 10:00 422

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде аяғын шалыс басып, жазасын өтеушілермен жүргізілетін тәрбие жұмысына айрықша назар аударылып отыр. Өйткені адамның түзелу жолына түсуі, қоғамға толыққанды адам ретінде қайтарылуы олармен жүргізілетін осы тәрбие жұмыстарының пәрменділігіне байланысты. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі азаматтар жарыса кітап оқуды қолға алған. Бұл – сотталғандарды тәрбиелеудің бірден-бір жолы.

Мекеме кітапханашысы Саматтың айтуынша, кітап оқитын сотталғандардың саны артқан. «Көбіне кітапты орта жастан асқан азаматтар оқиды» дейді ол. Қазіргі таңда кітапхана қорында 1500-ге жуық кітап бар. Оның ішінде қазақтың ұлы ақын-жазушыларының, орыс жазушыларының роман-повестері мен Елбасының да кітаптары бар. Самат абайсызда жол-көлік оқиғасын жасаған. Өзі де жастайынан кітапқа құмар болғандықтан, мекеме кітапханасындағы 200-ге жуық кітапты оқыпты.

– Соңғы оқығаным – Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романы. Аталмыш романда автор бүкіладамзаттық көкейкесті мәселелердің шоғыры бірнеше шешілмес түйін мен шешіле алмай жүрген идеялық-моральдық проблемаларды топтастырған. Романдағы адам мен табиғат арасындағы қатынас суреттеледі. Осы роман арқылы автор адамның табиғатқа жасайтын жауыздығы мен зор қиянатшылдығын әшкерелегендей болады. Жақсы кітап – жан азығы» демекші, осы мекемеде жазамды өтей жүріп, кітап менің ең жақын досыма, ақылшыма айналды, – дейді кітапханашы.

«Кез келген адамда бала кезінен оқып жүретін жанына азық, жүрегіне жақын бір кітап болады ғой. Жаныма жақын кітаптың бірі – М.Әуезовтің «Абай жолы» романы. Оны бірнеше рет қайталап оқыдым. Күніне мекеме кітапханасынан 7-8 сотталған кітап алып оқиды. Жазасын өтеушілер арасында Арман, Қуат есімді сотталғандар 2 айда 6 кітаптан оқып жатыр. Сотталғандардың көбіне оқитын кітаптары көркем әдебиеттер, тарихи кітаптар» деп сөзін жалғады кітапханашы.

– Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мекеме кітапханасын кітаптар қорымен көбейтуге көмек көрсетіп жатыр. Мекеме қызметкерлері арасында «Кітап сыйла» атты акциясын ұйымдастырамыз. Акция аясында жиналған кітаптар тексеріліп барып, мөр басылып мекеме кітапханасына жолданады. Қазіргі таңда кітап оқитын сотталғандардың саны өскен. Кітап оқу ой-өрісіңді дамытып, болашаққа деген сенім пайда болып, өзінді тануға көмектеседі», – дейді жасақ бастығы, әділет капитаны Бауыржан Сәметов.

Дана ДОСТАНОВА,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: