Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада алаяқтық өткен жылға қарағанда 9,6%-ға төмендеген

14.04.2026, 19:42 43

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Ақпарат алаңында алаяқтардан қорғану әрекеттері туралы түсіндірді. Айтуынша, SMS код арқылы адамдарды қорқытып, несие тағайындап, әлеуметтік желіге онлайн сауда арқылы төлем жасайтын жандарды толыққанды зерттеу жұмыстары жүргізуде. Интернетке мониторинг нәтижесінде заңға қайшы белгілер бойынша 876 сайт пен сілтеме анықталған. Интернет алаяқтардың алдын-алу мақсатында сақтық шаралар ескертіліп, видеоролик және таратпа қағаздар арқылы халыққа үгіт насихат жүргізіп жатқанын жеткізді.

– Мемлекелеттік қызметтегі мұғалімдер мен балабақшада жұмыс істейтін азаматтар алаяқтарға көп алданып қалып жатыр. Соңғы жағдайларға байланысты алаяқтар банктерден ақшаны қолма-қол шештіру әрекетіне көшкен. Мұны «дропкерлік» әрекет деп атайды. Жыл басынан бері 85 факт тіркеліп, өткен жылға қарағанда 9,6%-ға төмендеген„- деді Серік Әбдімәуленұлы.

Қазіргі таңда банк картасы мен есепшотты бөтен адамға беріп, оны пайда табу мақсатында пайдалану қылмыс болып саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 232-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Аталған құқықбұзушылық Қызылорда қаласында да кездеседі. Өкініштісі сол, мұндай жағдайлар көбіне студенттер арасында жиі тіркелді.

Қымбат ДОСЖАН,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: