Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Қылмыстық топ құрықталды

27.03.2021, 14:00 405

HALYQLINE.KZ  2021 жылдың наурыз айында белгісіз біреулер бөтеннің малын алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасырын жымқыру мақсатында, Арал ауданы тұрғынының Аралқұм елді мекенінен 7 шақырым жердегі мал жайылымынан таңбасы бар жылқысын ұрлап кеткен. Бұл туралы Қызылорда облысы ПД-ң Арал ауданының полиция бөліміне мал иесі арызданған. Жәбірленушіге 400 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Полицейлермен жүргізілген жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 3 азамат анықталып, ұсталды. Олар 50, 46 және 27 жастағы аудан тұрғыны екені белгілі болды. Сонымен қатар, аталған қылмыстық топтың облыс көлемінде болған басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: