Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Бір аптада 80-нен аса қылмыс тіркелді

16.01.2024, 13:20 105

Өткен аптада облыста жалпы 83 қылмыс тіркеліп, оның 56-сы кезекші тәулікте ашылып, ашылу көрсеткіші 67,5 пайызды құрады.

«102» арнасына 712 қоңырау келіп түсті. Облыс көлемінде 4134 әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде 2794 ЖҚЕ бұзу деректері анықталды. Жол-көлік оқиғасының 6 дерегі болды, салдарынан 2 адам қаза болып, 8 адам жарақат алған.

Апта көлемінде учаскелік полиция инспекторларымен – 6, жедел уәкілдермен – 32, тергеу құрылымдарымен – 10, патрульді полиция қызметкерлерімен-6 және жедел басқару орталығымен – 2 қылмыс ашылды. Облыс көлемінде «Есептегі адам», «Тұрмыс» іс-шаралары аясында құқық бузушылық пен қылмыстың алдын алу , орын алған қылмыстарды ашу жұмыстары жүргізілуде.

Барлық сала бойынша рейдтік жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: