Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық орындарда тиісу санатындағы істер көбейген

14.03.2024, 9:10 94

HALYQLINE.KZ

ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабында қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіргені үшін жауаптылық қарастырылған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына бүгінгі күнге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен, яғни аталған баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер санаттадағы 12 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс түсіп қаралған. Барлық әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалған.

Атап айтқанда, азаматша А.С. 2024 жылғы 10 ақпанда сағат 18:00 шамасында Қызылорда қаласы, «Қыздар нет» интернет желісі арқылы өзін жарнамалап келген клиенттерді подъезд алдында сексуалдық сипатта қызмет көрсету үшін адамдарды мазалап өтініш білдірген. Сот отырысында А.С. кінәсін толық мойындап, өзінің жұмыссыздығын, жалғыз басты ана екенін, алдағы уақытта тәртіпке бағынатынын білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.

Сот құқық бұзушы А.С. әкімшілік жаза қолдануда кінәсін мойындауы жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, ал біртекті құқықбұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасауы жауаптылығын ауырлататын мән-жай деп танып, жеке басын, отбасының жағдайын, жасап отырған құқықбұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп, оған ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігінде көзделген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: