Қазақстанда 854 блогердің табысын төмендетіп көрсеткені анықталды. Жалпы жасырылған сома 72 млрд теңгеге жеткен, деп жазады zhasalash.kz.
Олардың 622-сі қосымша салық декларациясын тапсырып, табысын қайта көрсеткен. Нәтижесінде 18,3 млрд теңге көлеміндегі кіріс заңдастырылып, мемлекетке шамамен 1 млрд теңге салық түскен. Тағы 600 млн теңге жақын уақытта төленуі тиіс.
Қалған блогерлерге қатысты тексеріс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 7 блогер бойынша қосымша 100 млн теңге табыс анықталған.
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салықты төлемеген жағдайда Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлі түрде өндіріп алатынын ескертті.
Коллаж: azattyq-ruhy.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!