Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіздік бәрінен жоғары

27.12.2022, 15:20 284

HALYQLINE.KZ

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында ел тұрғындары мерекелік атмосфераны құруға тырысып, пиротехника мен отшашуды қолданады. Осыған орай, тиісті органдар халыққа қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Өйткені сертификатталмаған сапасыз пиротехниканы қолданудың соңы өрткен немесе қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Жаңа жылдық мейрам күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтау теміржол бойы мен көліктерінде де қатаң бақыланады. Мәселен, 2022 жылдың желтоқсан айының 25-інен 2023 жылдың қаңтар айының 3-і аралығында Қызылорда ст.ЖПб-нің қызмет атқару аймағында ТЖД өртке қарсы қызмет бөліністерімен бірлесіп заңды және жеке тұлғалардың азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету, сертификатталмаған өнімдерді көтерме жеткізушілерді анықтау, сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандарға сатуға тыйым салу мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Н.Қыдырәліұлы,

Қызылорда ст.ЖПб ӘПб АҚҚАБт, инспекторы полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: