Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарасора-2026»: Өңірде есірткіге қатысты 38 құқықбұзушылық анықталған

24.06.2026, 17:40 59

HALYQLINE.KZ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде есірткі қылмысының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде ұйымдастырылған «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Біржан Багисовтың айтуынша, іс-шара басталғалы өңірде есірткіге қатысты 38 құқықбұзушылық анықталған.

– Есірткі қылмысына қарсы күрес – департамент басшылығының тұрақты бақылауында. Заңсыз айналымның жолын кесу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Қазіргі уақытта облыс аумағында 5 мобильді бекет жұмыс істейді. Жалпы саны 102 қызметкер, 7 қызметтік іздестіру иті және 28 автокөлік техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ, әуеден бақылау және қызметтік иттерді пайдалану арқылы есірткі қылмыстарын анықтау шаралары күшейтілген, — деді Біржан Бағисов.

Айта кету керек, «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы қазан айының соңына дейін жалғасады. Оның негізгі мақсаты – есірткі құралдарының заңсыз айналымына тосқауыл қою, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілерін анықтау және тұрғындар арасында құқықтық тәртіпті нығайту.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: