Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Прокуратура органдары арасында футболдан турнир өтті

14.10.2021, 17:45 222

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен жедел қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өткізілді.

Аталған турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Сайысқа өңірдегі барлық қала, аудан қызметкерлері қатысып, жалпы 6 команда жасақталды.

Олар – «Аппарат», «Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасы» (СПСИ), «Оңтүстік», «Солтүстік», «Арнайы прокурорлар» және «Қалалық прокуратура».

Жарысты өткізудің басты мақсаты – қызметкерлер арасында спортты одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстау және қызметкерлердің спорттық дәрежесін көтеру.

Алты команда арасындағы тартысты ойын жанкүйерлерге керемет көңіл күй сыйлады.

Ойынға қатысушылардың барлығы жоғары деңгейде белсенділік танытып, жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салды.

Командалар арасында ең мықтылары іріктеліп, жүлделі ақтық сайысқа жеткен «Аппарат» пен «Солтүстік» командасы өте тамаша ойын көрсетіп, «Аппарат» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды «Солтүстік», үшінші орынды «Қалалық прокуратура» командасы иеленді.

Жеңіс тұғырына көтерілген командаларды облыс прокуроры Нұрлан Дәуренұлы арнайы сыйлықтармен марапаттап, грамоталарын табыстап және алдағы уақытта да жедел қызметкерлер арасында мұндай жарыстардың жиі өткізіліп тұратынын жеткізді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: