Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады

10.03.2021, 18:30 416

HALYQLINE.KZ Ағымдағы жылдың 10 наурызында Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекторе Сұлтан оффлайн режимінде “Nur Otan” Қызылорда облыстық партия филиалында азаматтарды жеке қабылдауын жүргізді.

Қабылдау барысында полиция қызметкерлерінің тарапынан орын алатын тәртіптік теріс қылықтары бойынша жан-жақты, сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру – полиция жұмысының басты басымдықтарының бірі екендігін қабылдауда жүгінген азаматтарға түсіндірді. Жеке қабылдауға 4 азамат өтініш білдірді. Өтініштерде қылмыстық істерді тергеу және анықтау саласы бойынша өтініштерін білдірді.

Облыстың бас полицейі Департаменттің барлық қызмет салаларына азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қаралуын ерекше бақылауға алды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: