Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция департаментіне 30 мыңнан астам қоңырау шалынған

21.10.2020, 12:10 389

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 9 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» арнасына 30 мыңнан астам қоңырау түсіп, полиция құзырына жататын 29 мыңнан астам хабарламаға қызмет көрсетілді.

Бейнебақылау камерасының көмегімен 81 қылмыстың беті ашылды. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді тұлғаларды жедел тексереді.

Мысалы, 12 қазанда түнгі кезекшілікке түскен бейнебақылаушы инспектор кешкі уақытта белгісіз азаматтың көпқабатты үйлердің бірінің алдында тұрған темір орындығын (скамейка) ұрлап, «Газель» автокөлігіне тиеп, кетіп бара жатқандығын байқайды.

Инспектор дереу байланыс құралы арқылы патруль бекеттеріне хабарлама береді. Полиция қызметкерлері камерамен шолу барысында күдікті көліктің бағытын анықтап, тоқтатады. Осылайша, ұрлық жасаған 51 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда мемлекеттік мүлікті ұрлаған қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталып, оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Бұдан бөлек, бейнебақылаушылармен күдік тудыратын азаматтар тексеріліп, 4 суық қару анықталған.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 12 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 10 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.

Қызылорда облысының Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: