Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзгенің көлігіне мініп, жол-көлік оқиғасын жасаған

30.04.2021, 10:00 300

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық ПБ-ң Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері 28 сәуір күні бөтен көлікті ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған тұрғынды ізін суытпай ұстады.

Ер-азамат мекемелердің бірінің гаражы алдында тұрған жол талғамайтын көлікті ұрлап, басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жиегінде аударылған. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 3-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: