Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ӨзенМұнайГаз» басшысының орынбасары ұсталды

02.06.2023, 16:15 183

HALYQLINE.KZ

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Мамбетсапаев лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланғаны үшін айыпталып отыр. Осы әрекеті ауыр салдарға алып келген.

«Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз кіргізген. Ал компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғыны кезекке тіркелген», – делінген ресми хабарламада.

Мамбетсапаевтың таныстары жұмыссыздар қатарында болмаған. Қызметке тұрған мамандыққа сай келетін білімі де болмады. Мамбетсапаев соның бәрін білген.

«Б.Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан», – дейді мамандар.

Қазіргі кезде Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілері тексеріліп жатыр.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: