Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс тұрғыны заңсыз қару алып жүрген

11.03.2022, 16:30 382

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 9 наурыз күні сағат 09:00 шамасында аймақты аралау барысында көшелердің бірінде ауыл тұрғынын тоқтатқан. Тексеру барысында тұрғынның өзімен біргеІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы, нөмері өшірілгенаңшы мылтығын заңсыз алып жүргені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: