Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Комендант ТЖ талаптарын орындауды сұрайды

18.01.2022, 9:25 292

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін коменданттық сағат енгізілді. Негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. Қызылорда қаласына және аудандарға кіру-шығу автомобильдік тасжолдарына блок-бекеттер және төтенше жағдай уақытында (сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін) адамдардың коғамдық орындар мен көшеде жүруіне, оның құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылды.

Ішкі істер органдарымен халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан шаралар нәтижесінде бүгінгі күні өңірімізде ахуал тұрақты. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында облыс периметрі бойынша 28 блок бекет, оның ішінде қала аумағында 5 бекет тәуліктік режимде жұмыс істеуде.

Соңғы тәулікте тәртіп сақшыларымен төтенше жағдай режимін бұзған 7 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғындардан «102» арнасына 100-ге жуық қоңырау түсті. Олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, бір тәулік ішінде 6 қылмыс тіркелді.

Мысал ретінде, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Төтенше жағдай кезінде ұрлық жасағандар ұсталды. Түнгі уақытта белгісіз тұлғалар азық-түлік дүкенінің құлпын бұзып кіріп, кассадан 100 000 теңге ақша, темекі өнімдері мен шұжықтар ұрлап кеткен. Жәбірленушіге 160 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді. Бұдан бөлек, белгісіз тұлғалар аудан орталығында орналасқан тағы бір азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен. Дүкеннен 250 000 теңге ақша, темекі және тәттілер ұрланған. Ұрлық салдарынан дүкен иесіне 263 000 теңге шығын келген.

Болған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі дүкенге ұрлыққа түскен Бидайкөл ауылының екі тұрғыны анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: