Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гендерлік саясат – қоғам дамуының кепілі

27.09.2021, 15:10 674

HALYQLINE.KZ Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша көп жұмыс атқарылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін гендерлік саясаттың негізгі қағидалары ерлер мен әйелдер үшін тең құқық пен еркіндікті белгілейді.

Ұлттық гендерлік саясат – еліміздегі демократиялық үдерістің ең маңызды құрамдас бөлігі. Халықаралық дейгейде әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын артып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру.

2016 жылдың 6 желтоқсанда №384 бұйрықпен Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдамада мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты – ерлер мен әйелдердің қоғамның барлық салаларында тепе-теңдік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттер мен мүмкіндіктерге қолжеткізуі, гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеру.

Тұжырымдаманы жүзеге асыруда Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстанда отбасы, әйел және бала сұрақтары бойынша жеткілікті құқықтық негіз және қоғамның отбасы маңыздылығын, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін түсіну қалыптасқан.

Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың түрлі салаларында қызметтер атқаруда. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, жауапкершілік пен жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, болашаққа деген сенімді арттыру жолында жүргендігін атап айтуға болады.

Г.М.Салимова,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: