Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен актив жиында Қазалы аудандық полиция бөлімінің жаңа бастығы таныстырылды, деп жазады баспасөз қызметі.
Аудан басшысы Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Омаровтың ауданға келудегі мақсаты аудандық полиция бөліміндегі кадрлық өзгеріске байланысты екенін жеткізді.
Жиында Оралбек Таубақабылұлы Қазалы ауданы полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалған Ибраев Нұрлан Мерғалиұлын таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Нұрлан Мерғалиұлы 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органындағы алғашқы еңбек жолын Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасының милиция бөлімшесінің қылмысты іздестіру тобының жедел уәкілі лауазымынан бастаған. Еңбек жолында Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінде бірқатар жауапты басшылық қызметтер мен Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарының полиция бөлімдерінің бастығы қызметтерін абыроймен атқарған.
Аудан әкімі бұған дейін Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарып келген Асылбай Шудабайұлының аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы еңбегіне тоқталып, ауданның ең жоғары марапаты «Қазалы ауданының Құрмет Грамотасымен» марапаттады. Жаңа қызметке тағайындалған Нұрлан Мерғалиұлына алдағы бірлесе атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілеп, асқан жауапкершілікті қажет ететін салада аянбай қызмет атқарытындығына сенім білдірді.
Жиында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әлімбай Қасқырбай сөз сөйлеп, жаңа қызметке тағайындалып жатқан азаматтардың жұмысына сәттілік тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!