Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атырау облысындағы бір отбасының өлімі: Сотталушы үш адамды қасақана өлтіргенін мойындады

28.05.2026, 16:00 44

Атырау облысында бұрынғы әйелінің төрт туысын – ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталған 40 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевтің үстінен сот процесі жалғасып жатыр. Жауап алу барысында сотталушы тағылған айыптарды ішінара мойындады.

Сотталушы қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Оның уәжінше, қайын ағасының өлімі абайсызда болған, ол тек өз-өзін қорғауға тырысқан. Алайда Сәрсемалиев өзге үш туысын қасақана өлтіргенін ашық айтты.

«Қайын атам Мақсот Қарабалинге 9 рет, енем Нәсіп Өтешқалиеваға 8 рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұқтым», – деп мойындады сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев.

Сондай-ақ ол қылмыс ізін жасыру мақсатында ұрлық, алаяқтық жасағанын және құжаттарды заңсыз алғанын да растады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: