Күдіктіге іздеу жарияланды, деп жазады hronika.kz.
2026 жылдың 31 тамызында сағат 17:00 шамасында Қызылорда облысы Арал қаласында үйдің ауласындағы гараждың ішінен зорлық-зомбылық белгілерімен 1988 жылы туған азамат Ж.-ның мәйіті табылды.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (қасақана адам өлтiру) қылмыстық іс қозғады.
Күдікті деп танылған Арал қаласының тұрғыны, бұрын сотталмаған, 1987 жылы туған Жолдасов Б.М.-ға іздеу жарияланды.
Мәйітті марқұмның туған әпкесі тауып, полицияға хабар берген.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!