Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

15 жастағы қыз жоғалып, табылды

30.03.2021, 10:45 318

HALYQLINE.KZ 26 наурыз күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 15 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түсті.

Жоғалған қызды іздеу үшін бүкіл полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған қыз Қызылорда қаласында табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: