Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сталинмен қоштасуға қанша халық жиналды?

13.03.2022, 11:00 345

HALYQLINE.KZ Кеңестік империя құрамындағы кінәсіз халықты қанға бөктірген Сталин 75 жасында көз жұмды. 1953 жылы 5 наурыз. Оны жерлеу рәсімі 9 наурызға белгіленіп, оған дейін халықтың қоштасуына мүмкіндік берілді. Тірі күнінде миллиондардың жанын алған тиран, өліп жатса да мыңдаған адамның өліміне себепкер болды.

Станлинмен қоштасуға қанша адам келгені нақты белгісіз. Деректер бірнеше миллион дейді. Сталиннің мүрдесін көруге келген халықтың көп болғаны соншалық, Мәскеуде сұмдық қысым болды. Адамдар бір-бірін қысып, қырылып жатты. Деректерде 450 адам өлген делінеді. Алайда тарихшылар кемі 3000 адам көз жұмғанын айтады. Қысылып, көз жұмғандарды түнде аула сыпырушылар мен сарбаздар жинап, апарып көміп тастады. Тек кейбіреулерінің денесін ғана моргтан туыстарына беріп, өлім себебін «жүрек талмасы» деп көрсетe салды.

КСРО-да бұл оқиға жайлы айтылмады. Жабық тақырып болды. Алайда Сталиннің жерлеу рәсімінде болған жандар ол оқиға жайлы өз естеліктерін қалдырған. Оны интернеттен тауып, оқи аласыздар. Ондай естеліктер өте көп.

Мысалы сондай бір естелікте былай делінеді: «Біз көп ғимаратты үйде тұрдық. Сол күндері үйімізден шыға алмай қалдық. Себебі есікті ашу мүмкін емес еді. Халық өте көп болды. Сол күндері біз қатты қысымнан (давка) ыңырсып, өліп жатқан адамдардың дауысын естідік. Тіпті сықырлап сынған сүйек даусын естігендер де бар».

Сталинді жерлеген 9 наурыздың өзінде ғана 300-ден астам адам көз жұмған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: