Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Періштесі қорғады деген осы болар!

23.01.2021, 14:00 576

HALYQLINE.KZ

Бұл картинада әлемді таңғалдырған ғажайып көрініс суреттелген. Мұндағы аңызға айналған эпизод: су тасқынынан кейін құтқарушылар көмекке шыққан.

Қирандылар ішінен, су басқан үйлер арасынан аман қалғандарды іздеді. Олар кенет дамбаға ілінген кереуетті көреді. Кереуеттің ана бұрышынан мына бұрышына жанұшыра кезек-кезек секіріп, тепе-теңдігін ұстап жанталасып тұрған мысықты байқайды. Жақындап келіп қараса, Құдайдың құдіреті! Кереуетте нәресте жатыр. Қимылсыз жатқан соң, өлген нәресте болар деп, алғашында сеніңкіремейді. Тірі мысықты құтқарып алып кетейік деген шешімге келген.

Жақындап келген жұрт сенер-сенбесін білмей аң-таң болған. Кереуетте көрпе-төсегі құрғақ, алаңсыз ұйықтап жатқан кішкентай бала болып шықты! Періштесі қорғады деген осы болар!

Суретші Лоуренс Алма-Тадема,

«Бисбостағы су тасқыны, 1421»

Раушан Жакешбайдың парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: