Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отандық тарихты зерттеудің маңызы

30.01.2021, 12:00 911

HALYQLINE.KZ Тарихты зерделеу уақытты саяхаттағанмен бірдей. Тарих дегеніміз – өткенді білу және зерттеу. Біздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды және біздің қайда бет алғанымызды аша алатын ғылым. Тарихты зерттеу маңызды саналады, өйткені ол бәрімізге қоршаған әлемді түсіну үшін өте қажет. Әрбір саланың да өз тарихы бар. Тарихты оқу адамдарға өткен ғасырларда қоғамдардың қандай болғандарын түсінуге мүмкіндік береді. Мысалға, біз өткенді сол тұста болған оқиғаларға қарап бағалай аламыз. Тарих бізге түрлі құнды деректерді қолдана отырып қоғамның әртүрлі аспектілері туралы теорияны ұсынады.

Отандық тарихты зерттеу және білу әрбір мемлекет үшін маңызды. Тарихтың бастауы да Отандық тарихты білуден басталады. Отандық тарихты оқу патриотизмге жетелейді. Оны зерттеу арқылы тек өткенді ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, мәдени байлықтарымыз бен рухани мәдениетімізді бағалай алады. Сан ғасырларға толы тарихты оқи отырып біз өткеннен сабақ ала аламыз.

Келер жас ұрпақ біздің болашағымыздың жарқын болуына бірден-бір себепші. Жас ұрпақтың санасына еліміздің шежіреге толы тарихын сіңіру – біздің парызымыз. Сонау ежелгі ғасырдан қазіргі заманға дейін қазақ жерінде көптеген тарихи оқиғалар болды. Киелі жерімізді мекендеген ерте ғасырлардағы сақтар, ғұндар, үйсіндер, сарматтар жайлы, сонымен қатар ерте орғасырлық мемлекеттер Түрік қағанаты, Түркеш қағанаты, Оғыз мемлекеті, Кимек қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Қарахан мемлекеті жайлы тарихи шежірелер – Ұлы даланың ерте темір дәуір мен ерте орта ғасырлардағы тарихы.

Қазақ хандығы құрылғаннан кейін орын алған тарихи оқиғаларды, біздің ұлы хандарымызды және ержүрек батырларымызды, Алаш Орда және біздің ұлт зиялыларымызды, Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Қазақстан және соғысқа аттанған біздің батырларымыз жайлы оқып, тану – әрбір қазаққа парыз.

Отандық тарихты оқудың маңызы – келер жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің тарихы мен рухани мәдениетіне деген сүйіспеншілікті туғызу. Тарихы бар ел тамырын тереңге жайған бәйтерек!

Айкена ТАСИЛОВА,

әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дың

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих мамандығының 2-курс магистранты

Жетекшісі: PhD, доцент м.а

Мадина Байдавлетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: