Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майданда көз жұмған дәрігер

21.03.2021, 17:00 718

HALYQLINE.KZ Роза Момынова 1919 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 7-сыныпты аяқтаған соң, 1934 жылы төрт жылдық медициналық фельдшер мектебіне түседі. Төрт жылдық білімге қанағат етпеген Роза Алматы қаласындағы медициналық институтқа түсуді жоспарлайды. Десе де, құжатының дер кезінде дайын болмағаны кесірінен оқудан қалып қойып, қаладағы аурухананың біріне жұмысқа тұрған. 1941 жылдың қыркүйек айында әскер қатарына алынып, 473 медициналық батальонының стоматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі және 391 атқыштар дивизиясында қызмет етеді. Медициналық білімінің арқасында лейтенант шенін алған.

Өз ісіне шын берілген Розаны жайында жауынгерлер «жау қай жақтан шабуылды үдетіп, оқ көп жаудырса, Роза сонда жүреді. Ол жүздеген адамды ажалдан алып қалып, сапқа қайта қосқан жан» – деген естелік қалдырған. Роза Момынова 1944 жылы 30 наурыз күні Балтық майданында ауыр жараланып, Қазан қаласындағы №5872 госпитальге (қазір Бутлеров көшесінде орналасқан №7 мектеп үйі) жеткізіледі. Архив деректеріне қарағанда ауыр жарақаттанып, госпитальда жатқан Роза Момынова 1944 жылдың 1 мамыр күні «Москваны қорғағаны үшін» медалімен марапатталады. Алайда ажалға не шара, жарақатынан айыға алмаған дәрігер қыз 1944 жылы 20 мамырда Қазан қаласындағы госпитальда қайтыс болып, сол қаладағы Арск зиратына жерленеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: