Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экс-министр тарихымызға қиянат жасады ма?

06.09.2023, 17:50 367

HALYQLINE.KZ

Экс-министр Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 243 -3) тармақшасына сәйкес бұйрық шығарған. Онда ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары бекітілген. Нұржан Сәдірбекұлы Асхат Ораловтың қолынан өткен осы бұйрықтан қазақ тарихына қатысты өте өрескел қателікті тапты. Айтуынша, тарихымызға қиянат жасалмақшы.

– 2023 жылы 25 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының «Архив қорының құжаттарын сақтау қабылдау есепке алу т.б. туралы» Қағидаға «1922-1945 жж. аралығында жасалған аудиовизуалды құжаттарды жоюға рұқсат етіледі» деген бап енгізілген. Осы жері мені таңқалдырды? Ата-бабасының жалғыз суретін, видеосын, таспаға жаздырған сөзін іздеп таппай жүрген неше жүздеген адам бар. Бір ауылдың, мектептің, зауыттың 1920-1945 жылдары аралығындағы ескі фотосуреттерін, видеосын іздеп жүргендер қаншама. Миыма сыймай отыр,- деді ол.

Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібінің 40-бабында «1922 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңде жасақталған аудиовизуалды құжаттар жоюға бөлінбейді. 1922 жылдан 1945 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңде қалыптасқан аудиовизуалды құжаттарды жою уәкілетті органның келісім бойынша жүзеге асырылады» деген жазу бар.

Бұл жайға көптеген азаматтар пікір білдіріп, дұрыс еместігін айтуда.

– Менің ойымша кейбіреулер кезінде елді сатып, қиянат жасаған ата-бабаларына байланысты мәліметтерді жойып, тарихын тазартқалы жатыр. Бұл қағиданы ойлап тапқан адамдар өркениет пен мәдениет, тарих пен сана дұшпаны. Тез арада бұл қағиданың күшін жою керек, – дейді Молдияр Ергебеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: