Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Хиуаз – түн аждаһасы

27.03.2021, 18:00 1074

HALYQLINE.KZ Түн аждаһасы «Хиуазды көрген адам ажарына көз тоқтатпай өте алмайтын, көңілді, аңғал, алғыр, қайсар да тентек, тәні де, жаны да бірдей сұлу қыз». Дала аруы Хиуазды жауынгер құрбылары осылайша сипаттайды. Қандай табылған сөз. Хиуаз – көрікті, ибалы, ақылды, намысқой, парасатты, жан-тәні бірдей сұлу. Ұлттың рухын сақтайтын қыздар мәртебесін қазақ ежелден жоғары бағаланыпты. Төрдің оң жағынан орын берген сүйіктісін қазақтар күннің көзінен, желдің өтінен қорғапты. Алаштың дара еркесі ай маңдайлы ару Хиуаз Доспақызы ІІ Дүниежүзілік соғыста әйгілі 46-гвардиялық Тамань әуе полкінде жауға қырғидай тиген ұшқыш, нағыз қыран болатын. Фашисттер Хиуаз сұлуды неліктен «түн аждаһасы» деп атаған? Сонымен, Хиуаз кім?

Хиуаз Доспанқызы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Зормата ауылында 1922 жылы мамыр айында өмірге келген. Бала кезінен намысқой қыз інісін қорғаймын деп аула бұзықтары ересек ер балалардың мұрнын қан қылған.

Хиуаз Орал қаласындағы орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүріп аэроклубқа қатысып, запастағы ұшқыш деген куәлік алды.Аспанға ғашық қыз арманының алғашқы қадамдары осылай басталады.

Мектепті үздік бітірген бойжеткен бала күнгі арманын арқалап Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына оқуға келеді. Алайда қазақ даласынан келген қыздың құжаттары қабылданбайды. Алғашқы сәтсіздігін елемеген ол Мәскеу Медицина Институтына тапсырып, емтихансыз қабылданады. Арада 1 жыл өткеннен кейін, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады.

Хиуаз ұшқыш Марина Раскова қыз-келіншектерден жасақталған авиаполкына сұранып командирге өжеттігімен танылып, әскери құрамға қабылданады.

Жедел дайындықтан өткен қыз-келіншектер жасағы 1942 жылдың мамырында майдан даласына енеді. Хиуаздың ең алғашқы ұрысы немістердің Майндорф бекетін бомбалаудан басталады. Әр ұшақта екі қыздан бір сағатта 120 шақырымды бағындыруы тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылына шабылдауға міндеті. Хиуаз апа естеліктерінде: «Біз тек түнде ұшатын кішкентай У-2 ұшағы фашистердің зәре-құтын қашыратын» деп жазады.

Түн тыныштығын бұзған бұл қыран қыздарды немістер «Түн аждаһалары» деп атайды.

Соғыс кезеңінде 300-ден астам рет көкке көтеріліп, жаудың соғыс техникаларын, қару-жарақ, қоймаларын талқандаған Хиуаз Доспанқызы алапат айқас аяқталысымен елге оралды. Жауынгер құрбыларының барлығы дерлік Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Алайда қазақтың жалғыз қызының есімі марпаттау кезінде аталмапты. Жауынгер жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықов Хиуазға қатысты осы бір мәселені өз уақытында сауатты көтере білді.

«Ұлы Отан соғысында Талғат Бигелдинов жау тылына – 305, Леонид Беда – 211, Сергей Луганский 390 рет ұшып, жауынгерлік тапсырманы орындап, үшеуі де екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олар қуаты күшті ұшақтарды басқарды. Жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағының жау ұшағымен шайқасар қуаты жоқ…» – деп жаза келе, Хиуаз Доспанова кішкене ғана фанера ұшақпен 300-ден астам рет әуеге көтеріліп, жауға ойсырата соққы бергенін айтып, қанатты қыздың ерлігі соғыс жылдарында бағаланбаса да, бейбіт өмірде бағалануы тиіс деп өз ойын ашық жазды. Бүкіл Орта Азия елдерінің ішінде жанқиярлықпен соғысқан, үлкен батылдық көрсеткен қазақтан басқа қай ұлтта Хиуаздай қыздар бар еді?! 


Фариза Оңғарсынова 2004 жылы Хиуаз Доспанқызы көзі тірісінде еліміздегі ең жоғарғы «Халық қаһарманы» атағы берілді. Араға 4 жыл сала соғыста «Әуенің ханшайымы» атанған қазақтың батыр қызы әуеге тағы көтерілді. Бұл жолы рухы. Бұл жолы мәңгілікке…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: