Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халқымыздың саны кемі 40 миллион болар еді…

20.02.2021, 18:00 666

HALYQLINE.KZ 20 ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов: “Әлхамдулиллах, халқымыздың саны 6 млн-ға жетті” – депті ғой… Сол кезде Совет Одағы бізге геноцид жасамағанда, қазір халқымыздың саны 40-50 млн болатын еді.

20 ғасырдың басында халқымыздың саны Мысыр халқымен тен болған, қазір біз 10-12 млн, Мысырда 80 млн халық бар.

Совет Одағының бізден аса керемет жау және интеллектуалды бәсекелес көруі мына факттермен айғақталады. Мысалға тек қана 1937 жылы «халық жауы» ретінде тәжіктерден 1 кісі атылса, өзбектерден 7 кісі, қырғыздардың өзінен 40 адам атылса, қазақтардан бірден 25 мың адам «халық жауы» ретінде құрбандыққа шалынған (Мекемтас Мырзахметұлы).

Себебі, Қазақ қоғамы интеллектуалды потенциалы бар адамдарға толы болған. Бір ғана Тұрар Рысқұловтың өзі Сталинге бәсекелес бола алған.

Қазақ өкілдері татар мұғалімдерінен дәріс алса да, Татарстандағы элитаны Қазақтар құрған, ал Орта Азия аумағында тұңғыш рет формальды мемлекет құрған да Алашорда қайраткерлері еді. Оған қоса аласапыран заманда Мұстафа Шоқай Өзбекстанның да элитасын өзіне қаратып Түркістан мемлекетін құрған.

Осындай потенциалы бар халықты міндетті түрде қыру керек еді. Тәжіктерден 1 адам, өзбектерден 7 адам, қырғыздардан 40 адам атылып, бізден 25 000 адам атылуы – міне айғақ!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: