Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дон казактары құлағына неге сырға таққан?

05.11.2021, 16:30 876

HALYQLINE.KZ

1957 жылы cовет киносының майталман режиссері С.А.Герасимов түсірген «Тынық Дон» фильмін талай рет көріп отырып Георгий Мелеховтың әкесі Пантелеймон неге құлағына сырға таққан деп ойлайтынмын. Оның да жауабын тауып алдым.

Казактардың құлағына сырға тағуының тарихы тереңде жатыр екен.

Византия тарихшысы Лев Диакон: «Византия императоры Иоани Цинисхияға 971 жылы келіссөз жүргізуге келген орыс князы Святослав Игорьұлының бір құлағында сырға болды» деп жазған.

Сол кездегі хазарлар, печенегтер, қыпшақтар, татарлар сияқты халықтардың жауынгерлері де сырға таққандығын осы тарихшы жазып қалдырды.

СЫРҒА  СЫРЫ  БАР  ЕКЕН

Бастапқыда дон казактарының ауқаттылары ғана сырға таққан екен, кейін ол шартты белгіні білдіретін болды.

Казактар өздерін «біз еркін халықпыз» деп патшаға бағынбай өмір сүрген. Орыс патшалары осы Дон казактарын бағындыру үшін әскерін жорыққа атандырып отырды. Осыған байланысты олар үнемі орыстардың тұрақты әскерімен ұзақ жылдар бойы соғысып отырды. Енді сырғаның сырына келейін.

Сол құлаққа сырға таққан казак отбасында апа-қарындасы бар жалғыз ұл екендігін білдірді.

Оң құлаққа сырға таққан казак атадан жалғыз ұл болды, оның немере ағасы мен інісі болмады.

Екі құлағында сырға тақкан казак әке шешесінің жалғызы ғана болғандығын білдірді.

Бұл шартты белгіге қарап казак отрядының командирі қиын-қыстау кезінде осы категориялардығы казактарды мүмкіндігінше аман алып қалуға тырысты, себебі қаза тапқан жағдайда бүкіл әулет ұрпақсыз қалып бір шаңырақтың оты өшетін, осы жағынан қарағанда казактардың арғы тегі мұсылмандар болған ба деген ой да келеді екен. Дон казактары орыстар сияқты неке сақинасын тақпаған, сақина тек әйелдердің әшекейі деп есептеген.

СЫРҒА  НЕГЕ  ЖАРТЫ  АЙ  ҚЫЛЫП  ЖАСАЛҒАН?

Сырғаның формасы жарты ай болғандығын кейбір білгіштер ислам дінімен байланыстырады. Исламға оның қатысы жоқ. Христиан дініне дейін ежелгі славяндар тайпалары жерасты құдайы Велес жыланына табынған. Сосын князь Владимир Велеске табынуға тыйым салды.Содан бастап орыс ертегілерінде Змей Горыничті жеңген орыс батырлары айтыла бастады. Міне, сол кезде жеңілген жыланды шалқасынан түсіріп сырға жасалына бастады, аңғарып қарасаңыздар, сырғаны құлаққа бекітетін екі ұшының бірі жылан басы мен құйрығына ұқсайды.

ХІХ ғасырдың соңынан бастап жарты ай сырғасының үстіне крест қосылды. Сөйтсем оның да кішігірім тарихы бар екен.

1877-1878 жылдары болған соғыста орыстар түріктерді жеңгендіктен, ислам дінінің басты белгісі жарты ай үстіне кресті қосыпты.

Бірақ ислам дініне одан келіп-кетер ешнәрсе жоқ. Ислам дінінің болашағы зор.

Суретте: «Тынық Дон» фильміндегі Пантелеймон Мелехов және казак сырғасы.

Бақытжан Абдул-Түменбаев,

тарихшы,

журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: